Елбасымен біргеміз

Елбасымен біргеміз.
Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан — өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» — деп ойлансақ бұл — туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзін дәріптей отыра, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне бастауыш сынып оқушыларымен қазақ халқының тұңғыш президентінің өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу; бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында Баян Мауленқызы «Елбасымен біргеміз!» атты мерекелік іс – шара өткізді. Әнұранмен басталып, «қайырлы күн, достым» атты психологиялық ахуалмен жалғасын тапты. Оқушылар қызыл, көк асықтарды таңдай отыра, сөз тізгінін Турсынбекова Айым мен Айтмаханов Нурислам алды. «Қазақстан», «Атамекен» атты екі топқа бөлініп, «Астана қаласы», «Елім менің», «Елбасы» атты аялдамаларда ҚР-ның Рәміздері туралы айтып, Мен Отанымды сүйемін! Астанамыз гүлдене берсін! Елбасымыз жасай берсін! сөздерін үш тілде айтып, Астана қаласының суретін салып, «Менің Отаным» атты тақырыбына аппликация жасап; Егерде мен Елбасы болсам… тақырыбына постер жасап, осы сияқты әртүрлі қызықты тапсырмалармен оқушылар жұмыс жасады. Шарада 1-сынып бүлдіршіндері Сапарғали Әли, Сапарғали Мәди, Касенова Жанерке, Ерсін Дарын «Туған елім» әнін тарту етсе, 3- сынып бүлдіршіндері Бағыс Айғаным, Жумадилов Айтқали, Дюсентаев Илияс, Ажибаев Нурасыл, Құдайберген Нұршат, Кадетұлы Жәнібек «Елтаңбасы елімнің» әнін орындап берді. Іс – шараға келген қонақтар мен оқушылар жақсы көңіл – күймен тарады.

Сұлужон ауылы
Багисова Жансая Барменовна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *