«Дені сау бала өсіру»

Байжанова Роза Туркменбаевна

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін  әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Яғни біздің қазіргі кездегі елімізде экологиясы жағынан күннен — күнге нашарлап бара жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде әр адамның өзі үшінде мемлекет үшін де денсаулық шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.

Қазақ халқының ұлттық ойындар туралы қарастырылған ғалымдар: Ж.Ембергенова, Д.В.Хухлаева, А.И.Левшин, З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова және т.б.

Салауаттылық өмір  салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші Ж.Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады:«Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі»,-дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт болуы аса маңызды екенін айтады[1].

Ал қазақ халқының ұлттық ойындарының ерекшелігі жайлы мына ғалымдардың еңбектерінен көрініс табуға болады:

Д.В.Хухлеваның пікірінше , дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастыған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді., сондықтан дене тәрбиесі күнделкті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез  қимыл іс әрекеттің символы болып табылады[2].

А.И.Левшин «қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде былай бейнелеген: « қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкр  болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді, көп жасайды.Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабуыл гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен»-деген[3].

З.М.Богуславская, Е.О.Смирнованың еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың  ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді.Аталған авторлардың айтуынша: «бала ның ой-өрісінің  жан-жақты дамуына  ойын элементтерін дене  тәрбиесі сабақтарында аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан[4].

3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалқыты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін  үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп жасына  дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейміделу қабілетіне әсер етеді.

Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының  дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан  құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймыз.

Қимыл-қозғалыс ойындары , мысалы «Көрші», «Ақ серек, көк серек», «шыт тастау», «ине жасырмақ», «белбеу тастау» қазақ халқының  ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.

Ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі- қазақша күрес. Екі топтан шыққан екі  бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға  жатқызу тағы сол  сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынң жерге тигізгенге дейін күреседі.

Бұл қимыл қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшәқ еттерін жатықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланың өзін-өзі жатықтыруға үйретеді.Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа,яғни ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады.

Балардың белсенділігі артып, алдына қойған мақсатына жетуге деген әрік қайраты арттады. Олай болса, мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішіндеұллтық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.

Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі. Адамның морфологиялық-физиологиялық дамуында,  эндогенді, экзогенді факторларға қарсы тұруына, тұлғаның жалпы салауатты дамуына тигізер маңызы мол.

Қазақтың ұлттық ойындары ептілікті, ширақтылықты, тапқырлықты,шапшандылықты, өжеттілікті және т.б. қасиеттерді талап етеді.

Сонымен қорыта кете, қазақтың ұлттық ойындары мектепке дейінгі балалардың денесін шынықтырып, оның рухани қалыптастыру негізін құрайтын, салаутты өмір салтын қалыптастыруда маңызды құралдардың бірі екендігіне көз жеткізуге болады.

Балаларға дәстүрлі ұлттық ойындарды үйрету арқылы жас ұрпақтың денсаулығын реттеу, салауатты өмір сүруге жағдай жасау осы күнгі заман талабы.

 

Читайте также:

Добавить комментарий