Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Зиятдинова Айдана Ерғазықызы

Мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, әріптерді дұрыс жазу.

 

Міндеттері:

  1. Түзету-дамытушылық: фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды, есті дамытуға жағдай тудыру; дыбыстық анализ және синтез дағдыларын дамытуға негіз болу.
  2. Білімділік: әріптерді дұрыс жазғыздыруға негіз болу; сөздік қорын дамыту.
  3. Тәрбиелік: оқушының сабаққа деген жағымды көз қарасын, ұқыптылығын қалыптастыру.

Қажетті заттар: айна, бау (қызыл, көк), қармақ, балықтар.

Көрнекіліктер: жануарлардың, жемістердің суреттері, карточкалар, кірпі, саңырауқұлақтар, себет, ағаштар, өзен және т.б.

 

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастырушылық кезең.

Логопед: — Сәлеметсің бе! Аят.

Оқушы: — Сәлеметсіз бе!

Логопед: — Дыбыстар қандай болып бөлінеді?

Оқушы: — Дауысты және дауыссыз.

Логопед: — Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан қандай айырмашылығы бар?

Оқушы: — Дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде ауа кедергіге ұшырайды, ал дауысты дыбыстарды айтқан кезде кедергілер жоқ.

 

  1. Артикуляциялық гимнастика.

Логопед: — Дыбыстарды нақты және әдемі дыбыстау үшін біз жаттығулар орындаймыз. Мысалы: «Сағат», «Ине», «Алтыбақан», «Тәтті тосап», «Кесе».

 

 

 

  1. Бетке массаж.

Логопед: — Казір қандай жыл мезгілі?

Оқушы: — Күз.

Логопед: — Күздің қандай белгілерін білесің?

Оқушы: — Жапырақтар түседі, жаңбыр жауады, күн суытады және т.б.

Логопед: — Өзіне жаңбырдың жауғанын елестетіп көрші, ол бетіміздің бойымен ағады (сипалау), ал енді жаңбырдың тамшылары бетімізге соғылады (саусақ ұштарымен бетті ақырын соққылау), ал енді су бетіміз бен мойын арқылы ағады (бет пен мойынды сипалау).

Мимикалық бұлшық еттерді дамыту.

Логопед: — Жаңбырдан кейін жарқырап күннің көзі шыға келеді, біз оған қуанамыз (күлімдеу). Бірақ қайтадан бұлттар толып жиналды, біз оған қапаланамыз (қабақ түйю). Одан соң күзгі жел соғып, бұлттарды алып кетті, біз қайтадан қуанамыз (күлімдеу).

 

 

 

  1. Негізгі бөлім.

Логопед: — Аят, бүгін біз сенімен бірге орманға барамыз. Ол орман кәдімгі емес, сыйқырлы. Онда бізді кірпішешен тосып отыр. Бастаймызба?! Менімен бірге қайтала (қимылмен):

 

«Себетпен орманға мен барам,

Саңырауқұлақтарды көп табам.

Достарымды үйге шақырып,

Тамақ жасап тойдырам».

 

Логопед: — Кірпішешен саған тапсырмалар дайындап қойды. Әр орындалған тапсырма үшін ол саған бір саңырауқұлақ беріп отырады. Ал сабақтың соңында біз сенде қанша жиналғанын санаймыз.

 

1 – тапсырма. «Күзгі жапырақтар». Ауа ағымын дамытуға арналған.

Логопед: — Қарашы орманды жапырақтар басып кетіпті. Кірпіге көмектесейік (жапырақтарға үрлеу). – Жарайсың, сол үшін кірпі саған бір саңырауқұлақ береді.

 

2 – тапсырма. «Әріптер». Өзеннің бойындағы тапсырма.

Оқушы өзеннен балықтарды аулап, әр дыбысқа сөз ойлап табады.

Мысалы: «А», «С», «Е», «О», «Д».

 

 

 

3 – тапсырма. «Жұмбақтар». Бірінші ағаштың бойындағы тапсырма.

а) Қамықпайды күшті аңнан,

Қорықады тек тышқаннан. (Піл).

-Піл деген сөзде бірінші дыбыс қандай?

ә) Төрт аяғы тең емес

Бірі ұзын, бірі қысқа,

Қорқақ өзі, қыйлы көзі. (Қоян)

-Қоян деген сөзде «о» дыбысы қай жерде орналасқан?

б) Үсті толы ине

Бірақ та іс тігіп,

Қадамайды түйме. (Кірпі)

-Кірпі деген сөздің соңында қандай дыбыс естіп тұрсың?

Логопед: — Қандай жауаптар алдық?

Оқушы: — Піл, қоян, кірпі.

Логопед: — Енді, осы жануарлардың көлеңкелерін тауып көрсет.

 

 

 

Сергіту сәті: қимылмен орындалады.

«Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел соғады,

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі».

4 – тапсырма. «Не қайда тұрады?» Екінші ағаштың бойындағы тапсырма.

Бұл ағаштың бойында жануарлар мен құстар шатасып жатыр. Оқушы жануарлар мен құстарды атап, дауысты дыбыстан басталатын сөздерді қызыл түсті бауға, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көк түсті бауға тізіп жинайды.

  • Үйрек, ит, ешкі, әтеш;
  • Түлкі, қарлығаш, бұғы, жолбарыс.

Логопед: — Бұл екі топты тағы қалай атауға болады?

Оқушы: — Үй және жабайы жануарлар.

 

 

 

5 – тапсырма. «Тауып жаз». Соңғы ағаштың бойындағы тапсырма.

Бұл ағаштың бойында түрлі жемістер өседі. Оқушы суреттегі жемісті атап, сөзде қандай әріп түсіп қалғанын тауып, орнына жазады.

Сөздер: алма, лимон, шие, банан, жүзім, ананас.

Логопед: — Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

Оқушы: — Жемістер.

 

 

  1. Қорытындылау.

Логопед: — Жарайсың, Аят! Барлық тапсырмаларды орындап шықтың. Ал енді сенде неше саңырауқұлақ жиналғанын санайықшы.

Оқушы: — Бес.

Логопед: — Міне, демек бүгінгі сенің алатын бағаң да бес болады. Осымен, біздің сабақ аяқталды. Сау бол.

Оқушы: — Сау болыңыз.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *