Білім сапасын жақсартуға рефлексияның әсері қандай?

Темирова Раушан Рыстаевна

Білім беру жүйесі  мектепте оқыту процессіне  жаңа талаптар қояды, яғни, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін жаңа көзқарас қажет. Елімізге заманауи білімді, өз бетінше шешім қабылдау, болжау, олардың салдарын шеше білетін жастар қажет. Сол жастар, мектеп табалдырғынан бастап тәрбиеленеді, бұл біздің оқушылар.

Бүгінгі күнде өзекті және қажетті міндет — ол баламен бірегей болып жатқан процестерге қамтамасыз ете алатын салауатты оқыту жүйесін құруды болып табылады. Қазіргі қоғамымызда  белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып,  өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс.

Дидактика негізінде, оқыту процесінде ең маңызды және бірі-белсенділік принципі болып қалып отыр. Осы ұғымымен, жоғары мотивацияның деңгейі, саналы қабылданған білімі мен білігін меңгерудегі қажеттілік, жұмыс нәтижелігі түсініледі. Сондай, белсенділік- мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық әсерлерден ғана туындайды. Дұрыс педагогикалық әсер жасау үшін, өз санасының және қызметінің құбылыстарын танып-білу және талдау көрінісі ретіндегі (өз ойлары мен әрекеттеріне басқалардың тұрғысынан қарау) рефлексия болып табылады.

Рефлексия (латынның reflexio — «өткенге көз тастау» деген сөзінен шыққан) — субъектінің ішкі психикалық актілер мен күйлерді танып-білу үрдісі.

Психологияда және тұрмыстағы мағынасына қарайтын болсақ, рефлексия адамның өзіндік талдауы, өз жағдайын, қылықтарын, өткен оқиғаларға талдау жасауы. Оның барлығы адамның даму деңгейінен: білімділігінен, моральдік сезімі мен өзін-өзі бақылау дәрежесінен байланысты.

Мұғалім үшін рефлексия- шығармашылыққа деген ынта-жігерін, әрбір оқушының пікіріне құлақ түруін,өзіндік сынның қалыптасуын; ақпаратпен күнделікті жұмысын,сыни ойлауға жетелеу, пәндік білім сапасының артып, мүмкіндіктерінің мазмұнын, түсініктері мен толғаныстарын анықтауға ,-яғни,жалпы білім сапасын көтеруге көмектеседі.

Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру,нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарға дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.

Мұғалімге де  рефлексия әсер етеді: Біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс – қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде. Екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда.Үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.

Білім алу ол үздіксіз процесс. Бұл процесс кезінде  рефлексия  білім сапасын арттыруға көмектеседі. Ол бізді өзіміздің өткенімізге бойлап, бүгінгімізді зерделеп қана қоймай, ең бастысы – болашағымыз туралы ойланып, әрекет етуге мәжбүрлейді.

Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау, оны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында  әр тақырыптың соңында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. Оқушының өз оқу процессіне талдау, түзету жасап, келесі жұмысқа мақсат қоюға мүмкіндік береді.

 

Жалпы рефлексия жасаудың басты сұрақтары

  • Бұдан не ұғындым?
  • Келесі ретке нені есте сақтауым керек?
  • Ол неге онша жақсы болмады?
  • Менің істегенімді басқалар қалай қабылдады?
  • Бақылауымнан нені шығарып алдым?
  • Нені басқаша жасай аламын?

 

Осындай сұрақтар қайғанда төмен оқитын оқушы бұл сұрақтарға жауап бергенде, кішкене болсада ойлау қабілетін жоғарлатады. Өз деңгейінде болса да, оқу процессінде өз білімің табады, ал жақсы оқыйтын оқушыға бұл сұрақтар өз білімін  одан әрі жақсартып, бекітуге көмек береді.

Мұғалім өзіне сол жауаптардан келесі сабаққа қандай өзгеріс енгізу қажет екендігін, қандай түрде өткізуге керектігін және әр оқушының меңгеру деңгейін көре алады. Бұл жағдайда  әр оқушыға жеке назар, жеке оқыту тәсілі пайда болады

Читайте также:

Добавить комментарий