Болашақ мамандарға ақпараттық білім негіздерін беру

Токаева Ақтоты Төлегенқызы

Бүкіл дүние жүзін қамтыған жаhандану дəуірінің дамуына елеулі ықпал етіп отрыған қоғамның барлық салаларын ақпараттандыру үдерісі қарқынды түрде іске асырылуда. Осы орасан зор əлемдік құбылыс біздің еліміздің дамуы бағытына айтарлықтай əсер етуде. XXI ғасырдың жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деп аталуы адамзат өркениетінің дамуының келесі сатысына енгендігін білдіреді. Дүниежүзілік көлемде өтіп жатқан техникалық прогрестің кезекті даму тармағына сай болу экономикалық дамудың жаңа жағдаятына бейімделуді көздейтін кез келген елдің басты мақсатына айналмақ. Демек, осы ұлы көштен өз орынын табу біздің еліміздің де басты мүдделерінің бірі болмақ. Осындай ауқымды да маңызды қызметті іске асырудың жолдарын анықтайтын құзыретті мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың міндеттері болып табылады. Жаhандану дəуірінің талаптарына сай даму саясатын жүргізе отырып, ұлттық мүддемізге лайықты сара жол табуымыз қажет. Заманауи озық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы қоғам салаларын ойдағыдай дамытудың бірден-бір кепілі — оларды жетік меңгерген мамандардың болуы. Бұндай мемелекеттік маңызы бар мəселені шешу қоғамдық институттың бірі болып саналатын кəсіби білім беру саласына жүктеліп отыр[1].

Болашақ мамандарға ақпараттық білім негіздерін беру, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу іс-əрекетін жүзеге асыру. Педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға, студенттердің білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізетін ақпараттық технологияның түрлері көп ықпал етеді. Дизайн саласына қажет мамандарды даярлығын қалыптастыруға бағытталған компьютерлік технологияларды қолданудың бірізді жүйесі болып табылады. Болашақ маманды даярлауға қажетті заманауи оқыту технологиясының ең бастысы компьютерлік технологиялар деп пайымдаймыз. Себебі заманауи компьютерлердің мүмкіншіліктері жоғарыда аталған ақпараттық технологиялардың басым көпшілігін қамтиды жəне оларды қолданудағы ең басты буын болып табылады[2].

Дизайн саласында қызмет ететін заман талабына сай қалыптасқан кəсіби деңгейі бар, компьютерлік технологияларды жетік меңгерген мамандарды даярлау осы күнгі өзекті мəселелердің бірі. Сол себептен жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде осы мəселені шешу жолдарын жетілдіру қарастырылуда.

Аталмыш мəселенің дұрыс шешімін табу жолында ізденіс жұмыстарын саралай келе, түсінгеніміз — жоғары оқу орнында компьютерлік технологияларды оқу үдерісінде қажетті көлемде қолдану əлі күнге дейін шешімін таппауда. Оның басты себептерінің бірі — орта буыннан жоғарғы жастағы мамандардың кəсіби компьютерлік білімдері мен дағдыларының жоқтығы. Бұл мəселе төңірегіндегі ғылыми жəне əдістемелік жұмыстарды саралау барысында жасаған тұжырымдамамыз кəсіби деңгейі жоғарғы маманды даярлау үдерісінде əлі де шешімін табуды қажет ететін тың салалар жеткілікті. Солардың бірі — графикалық дизайн саласында қызмет ететін болашақ маманның кəсіби деңгейді қалыптастыруға негізделген арнайы пəндерді оқу барысында компьютерлік технологияларды қажетті көлемде қолдану мəселес[3].

«Дизайн» мамандығында кəсіби даярлауда ақпараттық технологияны білім беру үдерісінде қолдану — өзінің тəсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше əдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан олар арқылы орындалатын оқу əрекеттері қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне көшеді, кəсіби оқыту кезінде арнайы іскерліктерді қалыптастырады.

ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып табылады. Бастапқыда ол векторлық графика болды – бұл қағазда не болмаса экранда нүктелердің орналасу ретін анықтайтын «вектор» деп аталып кеткен функциялар арқылы кескінді құрастыру болып келеді. Мысалға графигі шеңбер, түзу сызық және т.б. болып келетін функциялар. Осындай «векторлардың» қосылуынан векторлық суреттер пайда болады. Компьютерлік техника мен технологиялардың дамуымен бірге графикалық объектілерді құрастырудың көптеген тәсілдері пайда болды.

Ақпараттың әртүрлі көлемін адам көру мүшелері арқылы жақсы анықтап зерттейді. Былай қарағанда адамға кішкентай кезінде-ақ суреті бар кітаптар ұнаған[4].

Ақпараттың үлкен көлемін басқадай зерттеу мүмкін емес. Мысалы мемлекет бюджеті туралы үлкен таблицаны алайық. Оны оқығанша диаграммасын қарай салған жөн деп санаймын, осы диаграмма арқылы ол адам есінде қалуы мүмкін. Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану көлемі ұлғаюда. Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Өйткені қазіргі уақытта графикалық құрастыру өте қарқынды дамуда және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, веб-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге веб дизайн дами түсті.  Веб дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда веб дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Веб дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- веб дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология.  Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен  Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны веб дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, веб дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын веб дизайн мультипәндік облыс болып табылады[5].

 

 

Пaйдaлaнғaн әдeбиeттep тізімі

 

  1. Панкратов Т. Photoshop7. СПб.: Питер, 2005
  2. Влад Мержевич. Теги HTML
  3. Влад Мержевич css@htmlbook.ru
  4. Веб-сайт своими руками — И. Шапошников .: БХВ – Санкт-Петербург, 2000.
  5. Сергеев А. П., Кущенко С. В. Основы компьютерной графики. Adobe Photoshop, Corel Draw – два в одном. Самоучитель. – М.: «Диалектика», 2008. – C.544.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *