Баяндама: «Өнегелі тәрбие отбасынан басталады»

Ерназарова Гулбану

Адамзат баласының ең негізгі мақсаты-дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышына бөленерініз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дарыйды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағаты мен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі мәдениеттілікті үйренеді соңан соң өзіне тән ар-ұят ақыл ой, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Соңдықтан ата-ананың өз ара сыйласымдылығы өзін өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында бес, жеті жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқа сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруде баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамассыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым қатынасы нақ осы кезеңде қаланатының естен шығармауымыз керек.

Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадыры. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр сырын білетін терең игерген педагог- тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шындауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.

Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени- гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі…

Соңдай ақ балабақшада тәрбиемен бірге оқу тәрбие жұмысы

қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды…

Тәрбие жұмысын тәрбиеші педагог мамандармен бірге ата-анада бірлесе отырып жүргізсе келешек ұрпақтың өңегелі де , білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндердің өнер, білімге баулып, тәрбиелеуде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор өйткені тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай ақыл-ойын жетілдіреді. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан желінеді, жақсы болуға, еңбекқор адал болуға үйренеді. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», А.Құнанбаевтің жыл мезгілдері туралы («жаз», «күз», «қыс»,) өлендерінің хайуанаттар жайындағы ертері-әңгімелерді оқий отырып балаларды достыққа еңбекқорлыққа баулиды осындай жұмыстардың өзіне тәрбиенің алғашқы баспалдағын көруге болады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *