Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы

Іздібек Динара

Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар салатын басты мәселенің бірі.

Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет .

Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан  ұл –қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі-ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы-өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты

 балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.

Көздеген мақсатқа жету үшін отбасы бала тәрбиелеуде мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:

— Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

— еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.

— Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету.

Балабақша мен ата – ана ынтымақтастығының негізгі бағыттары:

  • Ата – аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру;
  • Балалардың психолгиялық, физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;
  • Балалармен бірлескен шығармашылық іс – әрекет түрлеріне қатысу;
  • Отбасы жағдайында жеке тұлға қалыптастыру;
  • Баланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігі;
  • Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.

Отбасы – барлығының басы, жан-жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше-баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және

Бала бақыты — білімде. ««өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.                                                                            Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді А.Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата –аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата — ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата – аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата – ананың бала тәрбиелеуге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер

ететінін атап өту;

* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал  міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата – ананың өміріндегі тұрақтылық пен

болашаққа деген сенімін нығайтады.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата — аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата – аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата — аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата –аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата —  аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата –аналардың ұсыныс — пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата —   аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата -аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс –пікірлермен санаса отырып ата –аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс- тәсілдері қарастырылады.

Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципінің негізінде жүзеге асуынан байқауға болады. Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді. Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.

Дамытушы ортаға.

  • Демалыс аймағы;
  • Интеллектуальдық — танымдық аймақ;
  • Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
  • Ойын аймағы.

М.Әуезов  «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек».  Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс — шараларға, ата- аналар және топ жиналыстарына ата – аналарды тартудың қажеттілігі:

*Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;

* Балаларға отбасы мен  балабақша байланысын сезіну ұнайды;

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;

* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді.

* Тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады.

Тәрбиешілер ата – аналарға ақыл — кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:

  • бір – біріне  көңіл  бөлу
  • тыңдау
  • сыйлау
  • көзбе – көз  қарау
  • тиімді   орынды  таңдау
  • әзілді  сезіну
  • ұрыс – керістен  сақтану  сияқты

Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін:

  • Сиқырлы сөздер айту;
  • Баласының  жетістігін  айту;
  • Сенімді   болу;
  • Көңіл  —  күйіне   қарау;
  • Намысына   тимеу;
  • Материал   арқылы  сөйлесу (анкета, тест, т.б);
  • Қарапайымдылық;
  • Пікірін  сыйлау.

Ата —  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы, өнегелі ата-ана болуды шешім етеді;

* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;

* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата — ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата — аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;

* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;

* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;

*Ата – анамен баланың ортақ қарым-қатынастары жөнінде кеңес беру;

Ата – аналар  клубы

«Балабақшадағы, отбасындағы, топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»

Тақырыптық  кеңес

«Ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту»

Педагогикалық   семинар

«Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата – аналар да жан – жақты дайындықпен қатысуы қажет»

Шығармашылық   кештер

«Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата —  аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»

Ата – анамен  жүргізілетін  жұмыс түрлері:

  • топішілік  ата —  аналар  жиналысы
  • балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы
  • ата – аналармен  жеке  кездесу
  • ата – аналар  үшін  ашық  есік күн
  • мерекелік  кештерге  шақыру
  • ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру
  • отбасылық  жарыстарға  қатыстыру

Негізгі   міндеттері:

* тәрбиешінің   топ  ата —  аналармен  құрамын   зерттеуі

* ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату

* ата – аналар   ұжымын   құру

* ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру

* үштік одақ (бала, ата – ана, тәрбиеші) жұмысын жандандыру

Атқаратын   қызметі:

* ата – аналарды топтағы оқу — тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру

*ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру

*отбасы тәрбиесі туралы ата — аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру

* ата — аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру

Алдағы уақытта отбасылық тәрбиедегі тәжірибемен бөлісу мақсатында педагогикалық – психологиялық сайыстар, үлгілі отбасымен кездесу кешін өткізу, отбасылық газет шығару жұмыстары түрлене отырып жүйелі түрде жүргізілсе екі жақты тәрбие процесі жүйелі түрде жүзеге асады.

  • Ата — аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі арттады.
  • Ата – аналардың белсенділіктері, қызығушылықтары байқалады.
  • Өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, ынталанатын болады.
  • Балабақша ұжымына деген сенімділік, құрметтеу белгілері жоғарылайды.

Ата – ана мен балабақша арасындағы тығыз қарым — қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда, оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан — жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан  жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Осы айтылғандардың бәрі бала тәрбиесі үшін үлкен маңызы бар. Демек, бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді, қалай исең солай қарай иіледі. Бала — нәзік, ал бала тәрбиесі — одан да нәзік екенін ұмытпайық.

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

  1. «Бала мен балабақша» журналы
  2. «Отбасы және балабақша»журналы
  3. «Бала тәрбиесі» журналы
  4. «Мектеп жасына дейінгі педагогика» кітабы
  5. «Мектеп алды даярлық» журналы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *