«Балабақша — бақыт баспалдағы»

 

Эссе. «Балабақша – бақыт баспалдағы»

Балалабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Балабақша – білім мен ортаға биімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады.
«Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Тәрбиеші өсіп келе жатқан балаларға бағыт бағдар беруші адам, — деп ұғам. Алғашқы сәбилердің сыңғырлаған күлкісін, балдай тәтті сөздерін, мөлдіреген көздерін, қызықты сәттерін естіп көргенімде жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық кәсіпті таңдау арқылы қоғамның дамуына үлесімді қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт екенін түсіндім. Себебі, олар тек мейірімділікке ғана сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Сол пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды.
Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен жан – тәнімен сезіне білуі қажет екендігін де түсіндім.
Баланың дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның «Мені» қаланатын кезеңі – балабакшада. Ары қарай өмірдің өсу сатысында білім мен тәрбие ұйымдарында қалыптасқан бір ізділік жүйе арқылы өз көзқарастарын қалыптастырып, «Мені»- танылып, жеке тұлға ретінде қоршаған ортада өз орындарын табады.
Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бір үйдің кенжесі, бірі тұла бойы тұңғышы. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта-тағы да балабақша.
Менің алғашқы педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей , сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалар менің өткізген оқу қызметіне қызығушылықпен қарап отырғандарын көрдім. Білуге, үйренуге құштар балаларды көрген сәттерімде менің шабытым артып, тағы бір арман пайда бола бастайды. Кішкентай, балғын балалар!…болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоса алам ба?- деген сұрақтар мазалап, жаңа жоспарлар құруға жол аша түседі. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды. Менің ұстанымым кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Болашақта Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу — біздерге артылған аса жоғары міндет екенін түсіне білдім.
Күнделікті жұмыс барысында өз ісіме деген қызығушылығым арта түсуде. Шығармашылық ізденістер жолында біршама жұмыстар атқардым. Балабақшадағы  атсалысып араласып тұрамын, өйткені маған әр түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдау өте ұнайды. Кейіпкерлерді сомдау барысында кішкентай бүлдіршіндердің жүздеріне қуаныш ұялатып , ертегілер еліне еліктіретіндігімді байқадым.

Читайте также:

Добавить комментарий