Ақтөбе қаласының тарихы

Бекітемін: 

Күні:  5.01.2018ж

Пән мұғалімі:  Бақытжанова Жарқынай Жамаладдинқызы

Үйірме атауы: «School экскурсовода»                  

Сабақтың тақырыбы:  Ақтөбе қаласының тарихы. Халқы, географиялық орны.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған өлкесі, Ақтөбе облысының терең тарихын меңгеруге, картадан географиялық орнын  көрсете білуге, халқының саны, көрікті  орындары және даму мәдениеті туралы ақпаратты  үш тілде білуге үйрету. Өз туған өлкесінің, яғни қаламыздың одан әрі дами түсуіне өз үлестерін қосуға насихаттау.

Сабақтың көрнекіліктері:  карта, кеспе қағаздар, слайд

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: «Блум таксономиясы», «Көршіден-көршіге», «Мозайка»

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу

 

Сәлеметсіңдерме, оқушылар

Сәлеметсіз бе апай!

Good morning   children

Good morning  teacher!

 

Психологиялық тренинг «Тамаша екен»

Сыныпта керемет көңіл-күй атмосферасын қалыптастыру үшін оқушыларға тренниг өткізіледі.  Шеңбер құрып әр оқушы «мен жүйрікпін,мен ақылдымын, мен батылмын т,б өзінің керемет бір қасиетін атап айтады, қалған оқушылар «Тамаша екен» деп қол соғады.

Оқушылар орнына орнықпастан бұрын  үстел үстіндегі қиынды суреттерді таңдап

І топ «Астана» ІІ топ «Алматы»  болып топқа бөлінеді.

 

І. БІЛУ

 

Үй тапсырмасы / Үйге берілген тапсырманы                                           

 

Ал, оқушылар миға шабуыл жасап үй тапсырмасы бойынша дайындап келген

сұрақтарыңызды «Көршіден-көршіге» әдісімен көршілеріңізге ұсыныңыздар.

/оқушылар көршілеріне үйден дайындап келген тапсырмаларын ұсынып, орындап болған соң тексеріп, нәтижесін айтады/

 

ІІ. «Мозайка әдісімен» сұрақа жауап беру арқылы фото суреттерді құрастырып бүгінгі сабағымыз не туралы екенін анықтайды. Кім дайын? Кім сұрақтарға жауап береді?

Сұрақтар:

  1. Ақтөбе облысының әкімі кім?/Б.М.Сапарбаев/
  2. Ақтөбе қаласындағы үлкен саябақты атаңыз? / Президент атындағы саябақ,/
  3. Ақтөбе облысынан шыққан атақты мерген қыз? /Әлия Молдагулова/
  4. Ақтөбе облысының халқының саны? /400 мың/
  5. Ақтөбе қаласының әкімі?  /І.Испанов/

 

Ал, оқушылар суреттен не құрастрып шықтық,? Кім айтат?

 

Оқушылар: Ақтөбе туралы деп айтады.

Демек , оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз АҚТӨБЕ облысы туралы.

 

ІІ. ТҮСІНУ

 

Жаңа сабақ

Жақсы оқушылар ендеше интерактивті тақтаға назар салыңыздар.

/Оқушылар интерактивті тақтадан Ақтөбе қаласы туралы видеороликті тамашалайды/

Тамашлап болған соң Ақтөбе туралы біраз талқылау болады. Өз өлкелері туралы білетіндерін айтып, ақпарат алмасады.

 

ІІІ. ҚОЛДАНУ

 

ІV. Оқушылар өзіміздің Ақтөбе қаламыз туралы білдік, оның тарихымен таныстық. Ендеше алған ақпараттарыңды саралап сөзжұмбақ құрастыра қойыңдар.

Оқушылар сөзжұмбақ құрастыртып  тақтаға іледі. Сөзжұмбақты шешіп , сұрақтраға жауап берген оқушылар жасыл жетоннан жинап отрыады.

 

Сөзжұмбағымыз шеілді ендеше сөздік қоржындарыңды ашып толықтырып алыңдар. Жаңа сөздерді жазып, мұғаліммен бірге қайталайды.

city — қала                                                       know — білу

town  -қалашық                                                      speak- айту

my — менің                                                           geographical place-географиялық орны

welcome  — қош келдің                                         culture-мәдениет

place   — орын                                                              go -бару

park   — парк                                                           travel-саяхат

 

  1. ТАЛДАУ

 

  1. «Қабырға газеті және галлеряға» әдісімен оқушылар қабырға газетін шығарады. Оқушыларға қиынды суреттер және Ақтөбе облысы туралы материалдар беріледі.

І топ  — Ақтөбе қаласы, халық саны, көрікті жерлері туралы

ІІ топ — Географиялық орны, табиғаты, батырлары туралы қабырға газетін шығарып оны қорғайды.

 

  1. ЖИНАҚТАУ

 

Сонымен оқушылар бүгін біз қандай тақырыпты талқыладық? Оқушылар жауап береді.

Кері байланыс парағы таратылып оқушыларға қалай толтыру керектігі туралы таныстырылады.

 Ендеше бүгін қандай тылсым кездескен ақпартты білдің ол туралы Б пункітіне болашақта білгің келетін ақпарат туралы Ү пункітіне,  сабақтың қызықт ыөтті ме ол туралы С пункітіне жазып қалдырыңдар.

 

 

  1. БАҒАЛАУ

 

Бүгінгі сабақ бойынша жинаған жасыл жетондарды қорытындылау мақсатында  бүгінгі сабақта  белсенді болғаны үшін Ақтөбе қаласының фотосуретімен бірге күнтізбе беріледі. 

 

 

Үй тапсырмасы

Үйден Ақтөбе қаласына арнап өлең шығарып келіңдер. Өлеңдеріңде Ақтөбе қаласының байлығы, табиғаты, көрікті орындары туралы айтып өтіңдер.

Қорытынды:

Оқушылар бүгінгі сабақтан Ақтөбе облысы, халқының саны, географиялық орны, табиғаты туралы біледі,  және өз өлкемізді құлпыртуға, ластамауға, оның табиғатын сақтауға өз үлестерін қосады. Өз мемлекетіне қызмет қылатын азамат пен азаматша боламын деген сенім қалыптасады.

 

Сау болыңыздар!

 

Читайте также:

Добавить комментарий