Ағылшын тілін оқыту мен тілдік ортаны кеңейту

Базарова Адина Акилбеккызы

Ағылшын тілі. Заманауи педагог. «Сайыс», «Мақсатымыз не?»  «Тілдік ортаны қалыптастыру», «Тілдік ортаны кеңейту»  сайысқа дайындалғанда менің  санамды билеген ой, тілімнің ұшында тұрған осы бір сөздер болды. Одан соң ҚР білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ойға оралды. Ендеше, тізбектелген ой ұшқындарын осы эссеге арқау етейін.

Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты:экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту,білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.Сондықтан да қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім беру. Осы бағытта жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,шығармашылық әлеуетінің дамуына кеңінен жол ашу қажет.Ағылшын тілін оқыту мен тілдік орта қалыптастыруда сындарлы оқыту теориясын үлкен рөл атқарады. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту,олардың бұрынғы алған білімдерімен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесу жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негіздейді. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып,жеке қабілетін жетілдіруге,соның нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға зор ықпал жасауға мен педагог ретінде өз үлесімді қосып келемін. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу — оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сол жолда мен жас педагог ретінде жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның  яғни оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектесетінін түсініп,                         мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылатындығын үнемі жадымжа ұстап келемін. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп,тиімді қолдана білуі керек. Мен  ағылышын тілі мұғалімі ретінде  өз сабақтарымда  жаңа технология элементтерін қолдана отырып өткізуге тырысамын.Сабақтың тиімділігін арттырудың бірден бір жолы — сабақ барысында түрлі ойындар, қызықты материалдар, логикалық тапсырмалар, роликтерді қолдану. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі — кез келген стратегияға құнды, әрі бағалы. Мұғалім-өмір бойы ізденуші, жаңалық ашушының тәлімгері екенін ұмытпауы керек.

Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс деп. Менің пікірімше, шетел тілі мұғалімінің әрбір сабағы басынан аяғына дейін  балаға деген мейірімге толы болуы керек.

Мемлекеттік білім стандартының басты мәселесінің бірі тілдік ортаны қалыптастыру мен кеңейту, ой салып келгенде ағылшын тілі пәндерін оқытудың регуметивтік , танымдық, этиктік, бағалау бағдарына негізделеді. Оқушылардың тіл аралық түрлі елдің мәдениетін, әдебиетін, экономикасын,саясатын т.б үйрене отырып, халқының , өз елінің тілін, мәдениетін, әдебиетін терең сезініп білуге, дамытуға дағдыланады, үйренеді.

Шетел тілі – үлкен тәрбиелік диапазон. Осы орайда тілдік орта былайша қалыптасады: пәндік білім,коммуникативтік жағдаят, қосымша ақпараттық деректер мен мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы, сыртқы орта факторы. Ол оқушылардың жан дүниесін байытады, ой — өрісін кеңейтеді, көркемдік талғамын кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқудың алғашқы кезіңде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ол бара- бара материалдың  күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды. Демек оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы шығып кетуге болады.

Ағылшын тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушы білімінің сапасын көтеру үдерісі — оқыту технологияларының сапасын, шәкірттердің сол технология бойынша ағылшын тілінен алған білімінің сапасын, ағылшын тілін үйретуші ұстаздардың шығармашылық жұмысының сапасын, ағылшын тілін үйрету әдістерінің сапасын танытатын, анықтайтын ерекше  дидактикалық үдеріс. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы  оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Оқушылар тәжірибе жинақтау барысында кәсіби санасы жетіліп, елжандылық рухы, сана-сезімі жетіліп, даралық қабілеттері де даму үстінде болады. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы  оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Педагогикалық технологиялар арқылы    ағылшын тілі пәнін меңгертуде  мен тілдік ортаны кеңейтуде мынадай түйінді мәселелер өз шешімін табады:

− ағылшын тілін үйренуші оқушылардың тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді;

− ағылшын тілінің практикалық бағытына басымдылық берілетіндіктен,   оқушының білімді өмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды;

− танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;

− проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді

Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің тапсырмасы балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Сондықтан қазіргі 12 жылдық білім беруде ағылшын тілі екінші сыныптан өтіліп жатыр. Балаларды тілге үйретуде сабақ жеңіл, қарапайым және қызықты болуы қажет, ол үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс пайдалана білу керек. Бастапқы кезде хормен, жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып, көрнекі құралдарды пайдалану қажет.  Сабақ үстінде түрлі ойын түрлері арқылы осы әдіс – тәсілдердің іске асуы қажет деп санайды. Әрине сабақ үстінде ойындар қолдану арқылы жақсы жетістіктерге жетуге болады. Ойын балалардың назарын алып,  сабақты жандандырады, тілге деген қызығушылықты арттырады, оларды еңбекке баулып, бірігіп жұмыс атқаруға үйретеді. Ойын тілді дұрыс, дәл меңгеруіне көмектеседі. Мысалы, мұғалім бір сөздің дыбысталуын қате дыбыстайды  ал оқушылар оны түзейді. Оқушыларға творчествалық мәндегі, мақсатты тапсырмалар орындаттырудың маңызы да зор.Мысалы: белгілі бір текстті ұсынып, оның негізгі идеясы мен мазмұнын айтқызу. Текстті мәнерлеп оқытуға дағды беру, тексттің мазмұнын саналы түсініп оқу, тексттен ең қажетті мәліметтерді таңдап ала білу сияқты жұмыс түрлері оқушыларды творчествалық жұмыс істеуге бағыт береді. Бұл жұмыс түрін мынадай екі түрлі жолмен ұйымдастыруға болады. Текст құрмындағы сөздердің мағынасын дұрыс түсіне білу, оны байланыстырып жүйелі айта білу.

Қорыта келгенде,   жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Педагог ретінде шет тілін оқыту мен оқушылардың тілдік ортасы мен оны кеңейту жолдарын өз тәжірибем мен концепциялық жүйе бойынша қағазға түсірдім.  Шетел тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 1-сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Бұл да – тілдік ортаның кеңеюі мен коммуникациялық шеңбер.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді. Мендегі эсседен  күтілетін нәтиже де осы: шет тілін оқыту әдістемесі,тілдік орта және кеңейтілген тілдік орта.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *