Ауа қалай ластанады?

Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия
Сабақ тақырыбы: Ауа қалай ластанады?

Күні:05.12.2019 ж Мұғалімнің есімі: Кулпамышова Айжан

Сынып: 4 «Б» Қатысқандар саны Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.3.3.1табиғаттағы су айналымын сипаттау
4.1.2.1зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау
себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты
негіздеу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Оқушылар ауаны қолданудың тәсілдерін, желдің маңызын, пайдасы мен зиянын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Ауаның ластану көздерін анықтап, ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынады.
Кейбір оқушылар: Заттың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтайды.
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;
-ауаның орын ауыстыру үдерісін сипаттайды;
-желдің пайда мен зиян тигізуіне мысал келтіреді;
-ауаны ластауға мысал келтіріп, оны тазарту жолдарын сипаттайды.
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:
-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;
Терминология:
ауаның ластануы
тұмша
Сөз тіркестері:
Талқылау сұрақтары:
Адам жанды табиғатта кездеспейтін заттарды неден жасайды?
Түрлі заттарды жасағанда металдың қандай қасиеттерін пайдаланады?
Неліктен ауасыз тіршілік ете алмаймыз?
Ауаның таза болуы неліктен маңызды?
Жел қалай пайда болады?
Жел шаруашылыққа қандай зиян келтіреді?
Ауа тұрмыста қалай пайдаланады?
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Оқушылар заттарды шығу тегіне және агрегаттық күйіне қарай ажырата біледі. Ауаның қасиеттерін, кеңістікті толтырып тұратынын және жануды қолдайтынын біледі. Ауаның тіршілік үшін маңызын түсінеді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты, дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Қызығушылықты ояту
Кіріспе тапсырма. Көркем табиғат суреттелген бейнефильм, презентация (немесе суреттер) көрсету. Балалармен алған әсері туралы әңгімелесу.
— Қоршаған орта мен біз тыныс алатын ауа неден ластануы мүмкін?
Мысал келтіруді ұсыну.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Көркем табиғат сурет¬телген бейнефильм, презентация немесе суреттер

Ортасы
Экологиялық суреттер көрмесі.
Суреттермен жұмыс.
• Қай жер адамның тыныс алуына қолайлы?
• Суреттен ауаны ластау көздерін анықта.
• Ауаны таза сақтауға көмектесетін шараларды ата.
• Қала көшелеріндегі лас ауа кімге көбірек зиян әкеледі? Неліктен?
Топтастыр.
Жұптарға тапсырма: суреттегі ауаны ластау көздерінің қайсысы адам әрекетінен, қайсысы табиғи жолмен болатынын жіктеу.
Оқушылардың өз жеке тәжірибелеріне сүйеніп, мысал келтіруі.
Зерттеу жұмысы. Топтарға біріктіру, ресурстар тарату. Зерттеу нәтижесін постерге немесе тұжырымдамалық картаға қорытындылап, тіркеуді ұсыну.
Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру
• Берілген ресурстарды зерделеу.
• Ауаның ластану себептерін анықтау.
• Зерттеу жұмысын әртүрлі формада тіркеу.
• Қорытынды жасау.
Оқушылар өзінің туған өлкесіндегі ауаның ластану себептерін анықтайды.

Дескрипторы:
ауаның ластану жолдарын анықтайды;
ауаны тазарту шараларын біледі;
ауаны тазартудың тірі ағзалар үшін маңызын түсінеді.

Құтқарушылар. Оқушыларға өз қалауларымен құтқарушылар тобына бірігуді ұсыну.
Нені құтқарамыз деп ойлайсыңдар?
Ауаны құтқару керек. Ауаның ластануын қалай азайтуға болады?
Әр топ ауаны ластанудан құтқару жоспарын құрады, жұмыстарын қорғайды.
Ойлан.
Өз бөлмеңнің не сыныбыңның ауасы неден ластануы мүмкін?
Сен білесің бе?
• Жол бойына неге ағаштар егіледі?
• Ағаштардың тағы да қандай пайдасы барын анықта.
• Неге қалада өсетін ағаштың тіршілігі орманда өсетін ағашқа қарағанда қысқа болады?
Өзіндік жұмыс
52-жұмыс парағы. Ауа қалай ластанады?
Қандай жерде демалған тиімді? Жеке тәжірибелеріне сүйеніп, қандай жер¬де демалған тиімді екенін анықтау.
Жауабы
1. Хайуанаттар бағындағы хайуандарды қызықтау.
2. Қала шетіндегі орманда құлпынай теру.
3. Су жағасында күнге қыздырыну.
Ластанудың себептері. Ластану түрлерінің табиғи және адам әрекетінен болатынын анықтау.
Табиғи жолмен: жанартау атқылауы, өсімдік қалдықтарының шіруі, зілзала, жануар қалдықтарының шіруі, орманның өртенуі.
Адам әрекеті әсерінен: көлік түтіні, зымыранның ұшуы, өнеркәсіп орындарынан шығатын түтін мен қалдықтар, орманның өртенуі, кен орындарынан шыққан улы газдар, қоқыстар мен қалдықтар.
53-жұмыс парағы. Қоршаған ортаны сақтау.
Балалардың іс-әрекеті дұрыс па? Серуен кезінде балалардың қандай қателіктер жасағанын тіркеу.
Жауабы: Серуенге үлкендерсіз шығуы, жәндіктерді ұстауы, ағаш бұтақтарын сындыруы, от жағуы, музыканы қатты қосуы, балық аулауы, пайдаланған ыдыстары мен полиэтилен қапшықтарын жинамауы, отты өшірмеуі, гүлдерді жұлуы.
Иә немесе жоқ. Тұжырымдардың дұрыс немесе дұрыс емес екенін белгілеу.
Иә: ауа кез-келген жерде болады, өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде оттек бөлінеді, атмосфера құрамында ең көп азот кездеседі, ауа құрамында азот, оттек және тағы басқа газдар бар.
Жоқ: сырттағы ауадан іштегі ауа таза, жануарлар тіршілік барысында оттек газын бөледі, өсімдіктер оттекті сіңіреді, ауасыз жерде тіршілік ететін жәндіктер болмайды.
ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы
Тапсырма
ны орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Аяқталуы

Ауаның ластануына, негізінен, адамның іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Ірі қалаларда өнеркәсіп орындарынан шыққан түтін мен шаң-тозаңнан тұмша түзіледі. Ұшақтар мен зымырандар аспанға көтерілгенде және қонған кезде зиянды зат көп бөлінеді. Қаладағы мыңдаған көлік шығаратын түтін мен газ, шаң-тозаң да ауаға тарайды. Тұрмыстық қалдықтар да шіріп, ауаға зиянды заттар бөледі. Табиғи құбылыстар да ауаны ластайды. Мысалы, жанартаудың атқылауынан пайда болған күл мен шаң-тозаң, найзағай мен аптап ыстықтан тұтанған өрттің түтіні ауаға араласады. Ауаны ластанудан сақтау үшін өнеркәсіп орындарын, жылыту жүйесін қаладан не ауылдан алысырақ салады. Олардан бөлінетін улы газ бен зиянды затты сүзетін тазартқыш орнатады. Сондай-ақ қазір электрмен жүретін көлік жасау қолға алынып жатыр. Өсімдік жапырағы – шаң-тозаңды, түтін мен зиянды газды ұстап қалатын жақсы сүзгі. Сондықтан орман отырғызылады, елді мекендерде жылына екі рет – көктем мен күзде көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.
Сен білесің бе? Қалада отырғызылған ағаштар түтінді, шаң-тозаңды, түрлі газды ұстап қалады. Сонымен қатар олар шуды бәсеңдетеді, желдің екпініне тосқауыл болады. Бірақ олардың өзі де зардап шегеді. Қалада өсетін ағаштың ормандағы ағашқа қарағанда тіршілігі қысқа болады.

Рефлексиялық кезең.

1. Бас бармақ – мен үшін …… маңызды және қызықты болды
2. Сұқ саусақ – мен бүгін ………. түсіндім.
3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ……. қиын болды.
4. Төртінші саусақ – менің бағам ……. , өйткені…
5. Шынашақ – Мен ………… білгім келеді.
ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Түрлі түсті
суреттері бар
журнал
дар,
флипчарт, желім

Қосымша ақпарат
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *