Адам жанының сұлулығы

Мектеп: А.Құсайынов атындағы ЖОББмектеп бөбекжай кешені

 Сабақтың тақырыбы: Адам жанының сұлулығы (15 сабақ)

Құндылық:   Сүйіспеншілік   

Қасиеттер: ізгілік, қамқорлық, мейірімділік

Мұғалім: Самадинова Б.Н

Сынып: 5

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ішкі сұлулықты  түсіндіре отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды жан сұлулығын жақсартуға, ішкі сұлулықты бағалай білуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды жан сұлулығына, мейірімділікке тәрбиелеу

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Дәйексөз

«Сыртқы сымбат ішкі тереңдікке сай болуы керек»

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
Әңгімелеу

«Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық»

Талдау сұрақтары:

·         Сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?

· Ішкі сұлу дегенді қалай түсінуге болады?

· Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

· Ішкі және сыртқы сұлулық неліктен үйлесімді болуы керек?

· Өзің ішкі сұлулығыңды қалайша жақсартып жүрсің? Айтып бер.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Шығармашылық жұмыс: 

1-тапсырма: Мәтінді оқып, сахналап көрсетіңдер.

2-тапсырма:  «Мен үшін жаны сұлу адам» тақырыбында эссе жазыңдар.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
Топпен ән айту

«Ертегі сарай»

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы:  «Қарындаштың бес сапасы» Күнделіктеріне  жазады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *