Абай Құанбаев өмірі мен шығармашылығы

 

Ақтөбе облысы Темір ауданы Құмсай ауылы

Құмсай негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жалғасова Ақниет Сағинбайқызы

Сыныбы: 9

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Абай Құанбаев өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың біртуар перзенті — ұлы ағартушы, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, өз халқының кемеңгері Абай өмірін, шыққан тегін, ағартушылық қызметін, әдебиетке келу рухани қайнар бастауларын түсіндіру, өмірінің маңызды кезеңдеріне талдау жасай отырып тың мәліметтермен таныстыту Оқушыларды дара тұлғаның өнегелі де өсиетті өмірі арқылы адамгершілікке, білімді, өнерлі болуға, тілімізді қадірлей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

Сабақтың көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Мозайка» әдісі арқылы  топқа бөлемін

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Қaлaм үстелдiң oртaсындa» әдiсi бoйыншa өткен тaқырыпқa шoлу жaсaймын.

1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
2. Ыбырай Алтынсарин кім?
3. Ыбырай неше жасында мектепке барады және қай қалада?
4. Өмірлік жолы. Атап өтеміз.
5. «Қазақ хрестоматиясын» қандай мақсатпен құрастырды?
6. Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
7. Ыбырайдың әңгімелерін атаңдар
8. Неге Ыбырай Алтынсаринді «балалар әдебиетінің атасы» дейміз?

ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту (слайд)

Абай Құнанбаев

           (1845-1904)

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе

Адамдықты көздесең

Жат тоқып ал көңілге.                

                            С. Торайғыров    

Абай өскен орта мен Абай нәр алған  үш арна:

1.              Халық ауыз әдебиеті: «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Жұпар қорығы», «Еділ — Жайық».

2.         Шығыс әдебиеті: Фирдоуси, Науаи, Низами, Сағди, Шәмси шығармалары.

3.              Орыс және батыс әдебиеті: Л.Н.Толстой, Е.П.Михаэлис, Лермонтов, Крылов, Пушкин, Некрасов, Герцен, Добролюбов, Чернышевский, Шекспир, Байрон,  Гете, Дюма.

   Абайдың шәкірттері: Шәкәрім, Көкбай, Әсет, Әріп, Тұрағұл, Мағауия, Кәкітай, Уәйіс.

   Құнанбайдың әйелдері мен балалары: Күңке, Ұлжан, Нұрғаным, Айғыз – Құдайберді, Тәкежан, Абай, Оспан, Ысқақ, Халиолла, Ысмағұл.

   Абайдың әйелдері мен балалары: Ділдә, Әйгерім, Еркежан – Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан; Тұрағұл.

   Абайдың балалары : Ақылбай мен Тұрағұлдан тараған ұрпағы

 

Тапсырма «Қос диаграмма» әдісі пайдалана отырып Ыбырай мен Абайдың ортақ қасиеттері мен айырмашылығын толтырыңыз

 

Тапсырма  РАФТ әдісі арқылы  ұлы ақын Абайға хат жазыңыз.

Р – рөл, (оқушы)

А – аудитория,  (Сынып)

Ф-форма, (Хат )

Т-тақырып (Ұлы ақын Абай атаға хат)

 

ІҮ Бекіту

«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы

1. Абай кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Оның анасы қандай адам болған?
4. Абайды кім тәрбиеледі?
5. Абай қайда оқыды?
6. Абай нені үйренуге тырысады?
7. Неше жасында өлең жаза бастады?
8. Кімнің шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударды?
9. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
10. Оның шығармалары қашан және қай жерде жарық көрді?
11. М.Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

 

Ү Бағалау.

Сабаққа белсене атсалысқан оқушыларды бағалаймын
ҮІ Үй тапсырмасын беру: 

Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *