Абай және орыс әдебиеті

Мерзімі Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
6 Абайтану 9

 

Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті

Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері туралы ұғындыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың көрнекілігі:

1) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;
2) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

3) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

 

           Абай және орыс әдебиеті. Абай – қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер. Абай заманы, ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез – қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ-ұсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уезд бастықтарының – патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.

Қазақ жерінде Россиядан көшіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы – білім-ғылым үйрену еді.

ШоқанУәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы түсініп, ұлттық ұранға айналдырды. Олар Россиямен қарым-қатынасты күшейте түсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің үздік үлгілерін ел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бұрын сезді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады.

Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас көбеймесе азайған жоқ. Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімелер жинағы, «Шахнама«, «Сейфул-Мәлік», «Таһир-Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-әңгімелер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа құбылыс еді.

Қазақ елі мен көршілес орыс халқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы кезде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары   Россияның тарихынан,   орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшілік жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған ұлық-әкімдердің озбырлықіс-әрекеттерін білу үшін де қажет еді.

Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында озат адамгершілік идеалдардың жаршысы бола алатыны көп оқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қалмағаны анық. Абай жас кезінде-ақ орысша хат таныған. Ол 13 жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде «Приходская школаға» түсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты – жасы 30-дан асқан кезі.

Абайдың Семейге жер аударылып келген Е. П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қозғалысын ұйымдастырғандардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 жылы Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 жылы Семей кітапханасында Л. Толстойдың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс кезінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі   кітаптар   алып   оқып   жүреді.   Сонда Михаэлиспен жиі кездесіп, кеңесетін болған.

Жасынан Н. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына көңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой- пікірлерінен терең мағлүматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдың орыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген құнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен   қатар   бұлардың   қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз. Жергілікті халық – қазақтың өмірін, тұрмыс-жағдайын жете білу оған да аса қажет еді. Михаэлис кейінірек Семейде құрылған Статистикалық Комитеттің хатшысы қызметін атқарып, қазақ даласының шаруашылық, географиялық жағдайын зерттеуде елеулі еңбек еткенін ескерсек, оның Абайдан көп нәрсе естіп-білгені, үйренгені анық. Абай Михаэлиспен достасып, аралас-құралас болып жүріп, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс сияқты Семейге айдалып келген бірнеше адамдармен де жақын танысады. Бұлар жас кезінде революциялық қозғалысқа қатысып көзге түскен, ал кейін орыс мәдениеті мен ғылымына өз

қалдарынша   елеулі   үлес   қосқан   адамдар.

Сондықтан олар Абайға орыс халқының өмір-тұрмысынан әр түрлі мағлұмат берген болса, соның өзі оның орыс мәдениетін, әдебиетін еркін игеруіне себін тигізген деуге лайық. Ал әдебиет, тарих, қоғамдық мәселелерді айтсақ, Абайдың ой-өрісін, дүние-танымын кеңейтіп, шырқау биікке көтерген, әрине, орыстың А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Л. Н. Толстой, Н. А. Некрасов, И. С. Тургенев, М.Е. Салтыков-Щедрин секілді ең көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің шығармаларын оқып, олардың озық ой-пікірлерімен тікелей танысуы екенін атап айтқан жөн.

Абай сол замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең құнды

жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге көп күш жұмсаған. Тұтастай алып қарағанда, Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық. Жоғарыда аталған «Русский Вестник» журналымен қатар, 1909 жылғы Абай өлеңдерінің жинағында берілген Кәкітай Ысқақұлының мақаласына қарағанда, ақын Чернышевскийдің «Современник» журналында басылған әдеби шығармаларды оқып отырған. Орыс әдебиетінен оқығаны қаншалық көп болса да, Абай поэзиялық шығармаларды аударуға немесе еркін тәржімелеп, сарындас өлең жазуға келгенде үлкен талғампаздық танытып, кейбір өлеңдерді іріктеп қана алған.

Пушкин, Лермонтов, Крыловтан басқа ақындардың шығармаларын сирек аударған. Я. П. Полонскийден «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы…», И. А. Буниннен «Қорқытпа мені дауылдан» деген өлендер, басқа ақындардан тек екі-үш өлең ғана аударады.

Абай аудармалары жайлы сөз болғанда, алдымен айқындап аларлық жай – олардың бірталайы бүгінгі қалыптасқан мағынадағы аударма емес, Абайдың қолынан шыққан бара-бар, дәлме-дәл аударма дерлік өлеңдер бар да, сонымен қатар еркін тәржімеленген, әр түрлі өзгерістер енгізілгендіктен сарындас шығарма дерліктей сипат алғандары және аз емес. Осы топтағы шығармалардың ішінде төлтума туындыға айналған өлеңдер де бар. Сондықтан аударма өлеңдердегі сәйкес дәлме-дәл түсетін түстарын артықшылығы, ал өзгеше, өзгертіліп берілетін жерлерін кемістігі деп санау қисынға келмейді.

Өйткені Абай аударып отырған өлеңінің мағынасын бастан-аяқ дәл, тура жеткізуге үнемі ұмтылмайды, «Жарым жақсы киім киіп…» деп басталатын Онегиннің елердегі сөзін Абай түгелдей өз жанынан шығарған, «Евгений Онегин» романында Онегиннің өлімі туралы тура ештеңе айтылмайды. Рас, қолжазба нүсқалардың бірінде Онегиннің аузына «Мен неге оқтан жарақаттанбадым?» («Зачем я пулей в грудь не ранен?») деп сөз салатыны бар. Бірақ Онегиннің өлімін айтуы Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі деп санаған орынды.

Орыс әдебиетіне зер салғанда Абай назарының алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес-ті. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмүны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлдем жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оныңеміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі – «Қозы Көрпеш — Баян сқлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы кезінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын ұлы Россияның барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап   кетеді.

Пушкиннің аса   кесек   көркем туындыларының бірі — «Евгений Онегин» шын мағынасында халықтық шығарма. Мұндағы басты кейіпкерлердің төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ ең маңызды нәрсе – Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга – осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі – артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы — осалдығы болып шығады. Мұны кезінде Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын.

Пушкин өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың кұнделікті тұрмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен бұл шығарма шын мәнінде «орыс өмірініңэнциклопедиясы»болды. Әрине, Пушкиннің дастандары «Борис Годунов» атты драмасы, «Дубровский», «Капитан қызы» секілді шығармаларында сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи оқиғалар, мол өмір шындығы жатыр. Алайда «Евгений Онегиннің» алатын орны ерекше. Бұл – Пушкиннің ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған шығармасы, оның қиялының сұйікті перзенті, Пушкиннің тұлғасы «Онегинде» көрінгендей ақын тұлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар ете сирек кездеседі. «Мұнда оның бар өмірі, барлық жан сыры, барлық махаббаты да, сезімдері, ұғым түсініктері, идеалдары да айқын көрініс тапқан» деген Белинскийдің пікірі көп жайды аңғартады.

Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сұйікті өлеңдердің біріне айналуы — ұлы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Татьяна әнінің осындай көпшілікке жағымды болуының сыры қазақтың өлең-жырға, әнге құмарлығында ғана емес, орыс халқының өміріне қазақ жұртының мейірімді сезіммен қарағандығында еді. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, қазақ әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті.

Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес. Ол өз дәуіріндегі қазақ әдебиетінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондайжұкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек.

Әсет, Әріп сияқты ақындардың «Евгений Онегинді» дастан етіп айтып жүргені Абай орнықтырған дәстүрдің сол кездің өзінде-ақ жалғастық тапқанын көрсетеді. Абай Пушкин шығармаларынан «Евгений Онегинді» айрықша бағалап, үңіле зерлеп, таңдаулы үзінділерін қазақша өлең еткен болса, орыстың лирикалық поэзиясынан көптен-көп сүйіп аударғаны – М. Ю. Лермонтов өлеңдері.

Өзі әдебиетке Пушкиннің ізін суытпай келген, оның дәстүрлерін тікелей жалғастырған десек, Лермонтов екеуінің ақындық тұлғасында айырмашылық аз емес. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясын салыстыра келіп, Белинский олардың тарихи тамырын анықтау үшін осы екі ақынның екі дәуірде өмір сүргенін айтқан болатын. Пушкин декабристер қозғалысы бел алған, декабристік идеялар әбден тарап өрістеген дәуірде өмір сүрсе, әдебиет майданына сол кезде шыққан болса, Лермонтовтың әдебиетке келген кезі – онан кейінгі дәуір, декабристердің қозғалысы сәтсіздікке ұшыраған дәуір, жаңа революциялық күштер әлі қалыптасып жетпеген кезең. Сондықтан да Белинский Лермонтовтың жырларынан, әр сөзінен ерекше кұш-жігер, қуатты леп еседі, бірақ оларда Пушкин поэзиясына тән жарқын үміт, сенім жоққа тән деді. Лермонтов поэзиясы, сыншының айтуынша, жанды тітіркендіріп, жүректі мұздататындай сауалға толы. Олай болса, Лермонтов — Пушкиннен кейінгі дәуірдің, енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен ұміт ұзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы. Арынды жігер, қажырлы қайрат, әрекет-күрес сағынған ақынды осынау заман туғызған. Тіпті Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлауы есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді терең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жасЛермонтовтыңөлеңдеріноқыған адам тұтқиылдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді. Өмірдің әрбір кұнін өлмес, өшпестей ете алсам деп арман етеді ақын. Әрекетсіз, күрессіз өмір бос, ынтасыз, іске ықылассыз қызық жоқ дейді ол.

Ал Лермонтов поэзиясының бір берік қазығындай «Ой» деген толғау-жырын еске алсақ, оның Абайдың назарына тегін ілікпегенін байқай аламыз. Дүние, өмір жайлы тынымсыз ойға батып, бәрін сынап, ақылменен саралап, асқақ қиялға, үміт пен арманға әбден берілген күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан көптің атынан азулы, күштілерге айтқан қатты наразылығы, бәрі де осы өлеңінен мол сезіледі. Қақтығысы, қалтарысы есепсіз өмірде әділет пен шындық жол таба алмай қамауда қалып жатса, ал сол өмірдің ызғарын айықтыратын күш әлсіз көрінсе, қайғы-мұң неге болмасын. Мейірімсіз қатал заман жан түршігер зорлық, озбырлыққа жол берсе, ыза, кек неге тумасын.

Рас, ақынның ортасын қомсынатыны да бар. Бірақ бұл озық жандарға бойы теңдес адамдар көбейе, молая түссе, олар сол ортада үлкен іске орайлас жай-жағдай таба алса деген тілектен туады. Ақынның заман соққысына мойымайтын, қайта өмір ауыртпалығы ширата түсетін тасқындаған қайрат-жігері бар адамды көксеуі де осы келешекке сенім артуымен сабақтас. Осының бәрін былай қойғанда бұл өлеңнің салмағы тек қана сынында емес. Өйткені ақынның нені жек көретіні, нені жоққа шығаратыны қандай айқын болса, нені құптайтыны, қандай іс, өнеге өріс алсын дейтіні де соншалықты ашық, айқын. Осының шығарушысы, айтушысы өмірдің қызығын тебірене сезінбейді деудің өзі тіпті қиянат.

Ақын жаны кейісе де, күйінсе де, көңілді үміт қозғап, алыс арман толқытып, содан барып жыр шертетіні байқалады. Лермонтовтың осындай өлең-жырларының бағыты, идеялық өзгешелік сырын тереңірек түсіну үшін оларды басқа өмірге деген орасан зор сүйіспеншілік сезімі, жалынды махаббаты тікелей, айқын көрінетін шығармаларымен қатар алып қарастырған жөн. Сонда «Ой» және «Әм жалықтым, әм жабықтым…» сияқты сын, сықаққа лық толы, қамыққан көңілдің күйін шерткендей жырларды жазған Лермонтов болса, өмірге құмарлық, оның қызығына құштарлық, ынтықтық асқан ақындық қуатпен белгі берген «Дұға», «Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз…» сияқты жырларды туғызған да сол Лермонтов екенін айқын аңғарамыз.

Бұл тұста Лермонтовтың халықтың, қауым елдің жоқшысы, бейнет шеккен көптің жоқтаушысы ретінде әсіресе айқын керінетін және осындай ойларын дәлдеп, туралап айтқан шығармаларын атасақ болады. Соның ішінен «Өзіңе сенбе жас ойшыл…» атты өлеңін алсақ, осы бір ғана сом бітімді, сондайлық шебер келістіріп жасалған поэзиялық туындының өзі-ақ ұлы ақын ауыр азап шеккен бұқара халықтың тағдырына қандай жанашырлық, жақындық сезіммен қарағанына толық дәлел боларлықтай. Қорлықта, езуде жүрген, есесі кетіп, еңсесі түскен кедей — көптің қажырлы-беріктігін. жасу-налуды, күйініш-күйреушілікті білмейтін орасан төзімділігін айтып сүйінсе, бұқараның осындай қиын хал-жайын білмей нағыз енімді, емірлік күші бар поэзия туғызу мүмкін емес деп қорытса, мұны халыққа қамқорлық еткендік, оның қамын жегендік демей не дейміз?

Бұл жерде көңіл қоярлық мәселе мынау – осы айтылғанның өзі де белгілі бір шығармалар тобына ғана тән, солармен шектеліп жатқан ой-пікір емес. Осыған жақын пікірді талай-талай өлең-жырларынан, мысалы, «Ақын» деген жырынан да кездестіреміз. Тегінде, Лермонтов бір өлеңдерінде азаматтық намыс-арын жоғары ұстайтын адамның бұлжымайтын беріктік, тұрақтылығын қастерлеп отырса, ондай жанды кеудесін толқын қанша ұрса да, мызғымайтынжартасбейнесіндекөрсетсе, енді бір өлеңдерінде тартыс жолын, күрес жолын қалаған ақын-жыршының қайсар, ешкім бас имейтін табанды, темірдей берік болуын талап етеді. Мұқалмайтын, қайтпайтын алмас қанжардың бейнесі – Лермонтов шебер жасаған тұлға – ақынның осындай алғырлығы, таңқаларлық табандылығының символындай болып поэзия қазынасынан берік орын алды.

Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Ол орыс ақынын айрықша жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімделе ден қойған Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, ең бір өзіне үндес сезінген адамы Лермонтов. Абай ұлы ақынның, тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек-талабын, мұңын ұға алатын дәрежеде еді. Ол мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лермонтовтың ыза-кегі, наразылығы орыс халқының, езілген қауымның кегін, наразылығын танытатынын, оның қайғы-мұңынан, налуынан ел мұңы, халық мұңы көрінетінін сезінді.

«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен», «мыңмен жалғыз алысқан» ақын, өзі де ашу-кекті, ызаны «жалын мен оттан жаралған» жырларына нәр еткен-ді. Оның «қаны қара бір жанмын, жаны жара» деп ашулы мұң шерткені де белгілі. Лермонтовты ол ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған ақын» деп, өте-мөте іш тартып, жақын көрді. Абайдың ұлылығы алдымен лирикалық поэзиядан анық көрінетіні айрықша дәлелдеуді қажет етпейді. Абай қазақ әдебиетіне, поэзиясына лирикалық шығармалардың бұрын орын теппеген, таралмаған жаңа түрлерін енгізді десек, соның ішінен адамның жан дүниесін суреттейтін өлең-жырлар, ақындық өнерді, оның қоғамдық мәнін айқындайтын өлеңдер, табиғатты суреттейтін өлеңдер тобын еске алуымызға болар еді. Осы шығармалардың мүлде жаңа әдеби дәстүр орнықтырғаны айқын-ақ. Әрине, қанша тың, соны болса да, бұлар — қазақ топырағында туған жаңалық. Халықтың өлең-жыр теңізіне терең бойлап өскен жеміс. Сонымен бірге олардың ішінде суреттеу әдісі, тәсілі жағынан орыс классикалық әдебиетінің үздік туындыларымен, Пушкин, Лермонтов шығармаларымен үндес көрінетіні де бар екеніне ешкім таласпас. Абайдың кейбір өлеңдері әлеум. өмірдегі орнын, мақсат-міндетін терең түсіну, өлең сөздің халықтық сипатын жоғары бағалау жағынан Пушкин, Лермонтов шығармаларына ұқсас келсе, тағы бір топ өлендері адамның ішкі сезімін және табиғат көрінісін таңқаларлық көркемдік шеберлікпен суреттеуімен, өмір шындығын мейлінше айқын, әсерлі көрсетуімен соларға жақын сезіледі. Мұндай ұқсастықты өмірдің өзі туғызған бірнеше ақынға ортақ белгілер деп таныған жөн. «Өзіңе сенбе жас ойшыл…» өлеңін Абай Лермонтовтың ақынның қоғам алдындағы міндетін түсінуі өз эстетикалық көзқарастарымен үйлес болғандықтан аударған. Өнерпаздық жолға түскен жас ақын құрғақ қиялдануға, өзімен өзі болып, әлденеге кейіп налитын әсерленгіштікке бой алдырмай, өмірдің ауыртпалығын көріп, азабын тартып жүрген адамдардың мұңын түсіне білсе ғана нағыз құнды, татымды поэзиялық шығарма тудыра алады деген осы өлеңнің негізгі идеясын Абай қазақ өмірінің жағдайына сәйкестендіріп еркін жеткізеді. Лермонтов жас ақынға сахнада жасанды, ойыншық семсерді оңды-солды сілтейтін трагедиялық актерге ұқсап елге күлкі болма дейтін болса, Абай ол кезде театрды білмейтін қазақ жұртшылығына түсініксіз бұл салыстыруды қолданбайды, оның есесіне жеке бастың мұңын айтып, «басқаға мазақ болма» деген ойды үстемелей түседі.

«Күлкі болмай қой, жаным,

Сен бүйтесің, ол қайтті?

Олар көрген арманын

Кімге шақты, кім айтты?..»

 

         «Альбомға» атты өлеңінде Абай поэзиялық шығарма кімнің қажетіне жарайды деген мәселені қозғайды. Бұл тұста ғақлияларының Бірінші сөзіндегі мына жолдар ойға оралады: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, «керегі жоқ» десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Осындай пікірін Абай өлең жайында да айтқан («Өзгеге көңілім тоярсың…»). Енді Абай Лермонтовтың өзіне үндес шығармасын аударып, мынаны айтып отыр:

 

«Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,

Бұл көңілсіз дұниеден көп жыл өтер.

Өзі қысқа, өзі асау, тентек өмір,

Арттағыға бір белгі қойса нетер?

 

Кім біледі кез болса арттағылар,

Ойға салып оқыр да, сөзін сынар.

Көзін салып, ойланып кейбір сөзін,

«Рас-ау» деп, мағынасын о дағы ұғар.

 

Кім білер, жабырқаңқы жазған сөзім

Жібермей көп тоқтатар оның көзін.

Жолаушы жол үстіңде тамаша еткен

Сықылды өлген жанның бір күмбезін».

 

Сөйтіп, Лермонтов шығармасын аудара отырып, Абай өз пікірін де анық білдірген. «Менің сырым, жігіттер, емес оңай…» өлеңінің идеялық мазмуны Абайға жақын, өте түсінікті еді. Ол жалғыздық сезіміне бойын жеңдірмейді. Өзін«судан қайтпас», «үлкен жартас», «үлкен жан» деп сезінді, өзінің қандай қиыншылыққа болса да, «теңіздей таудай толқып соқса дағы» «бет бұрып» қайтпайтын күрескер екендігіне сенді. Осы ой-сезімін ол аударма өлеңінде де шебер жеткізеді. Абайдың оптимистік идеялары оның халықпен тығыз байланысынан, халық күшіне сенуінен туды.

«Дұға» мен «Қасиетті дұға» секілді өлеңдерден біз өмірді шын сүйетін, ізгі тілек-талапқа толы, ертеңті күнге батыл қарайтын қайраткердің бейнесін көреміз. Абайдың Лермонтов текстін қазақша жеткізу әдістері әр түрлі, аударманың түпнұсқаға жақындық дәрежесі ылғи бірдей емес. Барабар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын-лебізін, жаңа сапасын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып мол жеткізеді. Абай Лермонтов нұсқасын барлық жарастық сәнімен, бар ерекшелігімен қазақ тілінде қайтадан туғызады.

Мысалы «Альбомға», «Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз.,.» сияқты өлендерді атауға болады. Абайдың Лермонтовтан тәржімелеген шығармаларының тең жартысы дерлік – осындай дәл, жақын аудармалар. Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Бұған мысал ретінде «Теректің сыйы», «Ой» сияқты өлендерді атауға болады. Осы соңғы өлеңнің бастапқы шумағында Абай Лермонтовтың бұл жұрт көңілде сенім жоқтықтан білген білімді іске жарата алмай отыр деген пікірін өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап:

 

«Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,

Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды…» —

 

деп кетеді. Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып, тебіреніп жарыса отыратыны кезге түседі. Осы өлеңнің аяққы біраз жолдарының орнына тыңнан біраз сөз салып, өз заманының тағы бір өрескел мінін былай суреттейді:

 

«Мал үшін ас қатасың, жан сатасың,

Әкесін мал өлтірген кісідей-ақ,

Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын!..»

 

Абай қазақ феодал-билерінің малқұмарлығын әшкерелеуді мақсат еткен. Сондықтан да ол Лермонтовтың «перед властью — презренные рабы» дегенін қазақ жағдайына дәлдеп, анықтап «ұлыққа қошаметшіл құл сияқты»деп, болыстардың «арқаға ұлық қаққанға» мәз болып, құл болып жүргенін айтады. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп, мағынасын басқаша ашып келтіруі оның қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-кұйіне ұйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, керкемдік сапасының жоғары болуын кездейді.

Абай көбіне өз ой-сезіміне үндес шығарманы аударады. Оның Лермонтовтан аударғандары – негізінде әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын, еріншек, белсенділігі жоқ адамды сынайтын шығармалар; азамат ақынның образын беретін өлең-ән жайындағы шығармалар; жалғыздығын, бірақ оған мойымайтын беріктігін айтатын шығармалар.

Мысал өлеңдердің дүние жүзі әдебиетінде қалыптасып дамуына айтарлықтай үлкен әсер еткен Эзоп, Федр, Лессинг, Лафонтендердің еңбегі қандай зор болса, И. А. Крыловтың орыс әдебиетінде мысал жанрын поэзиялық үлгіде дамытуға қосқан үлесі де сондайлық мол болды. Крыловтың қаламынан туған мысал өлеңдер 1806 жылы жарық көре бастады да, 1809 жылы олар жеке кітап болып басылды. Ақынның мысал өлеңдері бірден әдебиет сүйгіш қауымның назарын аударып, жақсы баға алды. Крыловтың көзі тірі кезінде-ақ мысал өлеңдерінің тоғыз жинағы басылып шықты. Крылов мысал өлеңдерді орыс поэзиясында дербес әдеби жанр ретінде қалыптастырып, жаңа дәуірдің тілек-талаптарымен ұштастыра, биік белеске көтере алды. Ол мысал өлеңдерді орыс өмірінің шындығымен тығыз байланыстырып, оларға шынайы халықтық, ұлттық сипат дарытты. Сондықтан да оның мысалдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, кеңінен тарады. Мысал өлеңдерінде Крылов қоғамдық өмір қайшылықтарын, әр түрлі топтардың мінез-құлқын ашып көрсетіп, күнделікті тұрмысқа қатысты сан түрлі жәйттарды орынды қозғап, баяндап бере алған. Бір алуан мысалдардан үстем тап өкілдері мен төменгі тап өкілдері арасындағы қайшылықты, еңбекқор қарапайым шаруа адамдарының жағымды қасиеттерін көреміз («Қасқыр мен қозы», «Жапырақтар мен тамырлар», «Шегіртке мен кұмырсқа» т. б.).    

           Орыс халқының сол дәуірдегі өмірін асқан шыншылдықпен суреттеуінен, әр түрлі таптар мен топтардың өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсете білуінен, халық тілінің байлығын, бейнелілік нақышын шебер пайдалана білуінен – осының бәрінен Крыловтың үздік көркемдік шеберлігі толық танылады. Абайдың мысал өлеңдері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап, бағалағанда бір жайды толық ескеру қажет. Олар толық мағынасында аударма емес, көбінесе белгілі бір сипат еркін баяндалады.

Абай орысша мысалдың тексін дәлме-дәл тәржімелеуді мақсат етпеген, оқиға желісін негізінен сақтай отырып, бірақ мысалдағы жай-жағдайларды қазақ өміріне, ұғым-түсінігіне, ойлау, сойлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге ұмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін орысша текске сәйкестігі тұрғысынан қарап, ана жері дәл түскен, мына жері дәл емес, кем түскен деудің ешбір қисыны жоқ. Кейде қазақша баяндау, бейнелеу орысша текстегі сөздің айтылу қалпына ұқсас шыққанда ұтымды болса,   ал  кейде   қазақша   ойлау,   сөйлеу ерекшелігіне орай басқаша берілгенде келісті, оралымды болатыны – кім де болсын санаспай тұра алмайтын бұлтартпас шындық, оны сөз зергері жақсы   сезінеді.   Мұның өзі ақынның   қолын байлайтын, шеберлігіне шек қоятын жағдай деп емес, керісінше, ойдың, сөздің оралымын өзінше келтіріп, тың, жаңа өрнектабуына мүмкіндік беретін жағдай деп түсінген жөн.

Абайдың мысал өлеңдерінің ішінде кейбір аудармаларға жатқызуға болатыны     да     кездессе,       дені     еркін тәржімеленгендіктен белгілі сюжеттің сарынымен жазылған деуге лайық болып келеді. Айталық, «Жарлы бай» атты мысал өлеңінде Абай оқиға желісін еркін баяндап, соңында:

«Алтын қайда, сөз қайда?

Қу нәпсіден не пайда», —

 

дегенді өз жанынан қосады. Сондай-ақ «Шегіртке мен құмырсқа» атты өлендегі:

«Мен өзіңдей шаруашыл

Жұмсақ илеу үйлі ме?..» — деген сөздер, сондай-ақ шегірткенің құмырсқаға барған қалпын:

«Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра…» —

 

дегендей суреттеме орысша нұсқада жоқ. Абай құмырсқаның   еңбекқорлығын,   шегірткенің қамсыздығын көзге айқын елестетерліктей белгілермен үстелей түскен. Осы өлеңдегі:

«Қайтсін, қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер…» —

 

деген Абайдың өзі қосарлап келтірген сөздері де нағыз қазақша сөйлеу қалпындағы әдемі кекесіннің үлгісі деп санауға лайық. Әдейі аяныш сезімін, жаны ашығанды білдіргендей етіп, керісінше айтылған нағыз ирония, келемеждеудің келісті, өткір түрі. Кейде мысалда оқиғаны баяндауы, айтуы ұқсас болса да, содан қорытынды шығарып, түйіндеу әрқалай келеді.

Айталық, «Қарға мен бүркіт» атты мысалда Крылов үлкен ұры құтылып, кішкене ұры тұтылады, қолға түседі дегендей түйіндейді. Бүркітті ұры деу қазақ ұғымына үйлесе қоймайды. Сондықтан болар Абай ол жағын сөз қылмай, тек қарғаның әліне қарамай қайрат етуге ұмтылғанын әжуалап:

«Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл», —

 

деп тұжырым жасайды.

Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – мысал дегеннің өзін жанрлық түрі жағынан шарттылығы басым, қалыптасқан, әзгермейтін, ескі сюжетке негізделетін, ойды аң-құстың, жануар-жәндіктіңі с-әрекеті арқылы тұспалдап қана білдіретін, белгілі бір шындықты уағыздап айтуға бейім тұратын шығарма деп қарау жиі кездеседі. Осындай түсінік мысал елеңнің өзгешелігін, поэзиялық қасиетін жете түсінбеуге әкеліп соғады. Ал шынында мысал өлеңдегі шарттылық, тұспалдап айту тәсілін, белгілі сюжетті, әр түрлі тұспал бейнелерді қолдану – мұның бәрі тек сыртқы сипат-белгілер. Мысал өлеңдердің – артықшылығын алдымен олардың поэзиялық қуат-күшімен, тұспал бейнелер арқылы сан алуан адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін аңдатып, айқын көзге елестетіп, сол арқылы қоғамдық өмірдің шындығын, қайшылықтарын терең ашып бере алатын мол мумкіндігінен іздесек керек.

Көркем шығармада мәселе не айтылғандығында ғана емес, сонымен бірге қалай айтылғандығында, қандай әсер ететіндігінде десек, осыны әсіресе мысал елеңге, яғни өмірлік шындық пен керкемдік қиялды, керкемдік шарттылықты шебер сабақтастырып, ұштастырып келтіретін жанрға байланыстыра айтуымыз орынды. Мысалдағы ойды тура, ашық айтпай, ақтара салмай, тұспалдап, алыстан орап, орағытып айтудың өз артықшылығы бар екені сөзсіз. Оқушы бүкпелеп айтылған жайды, астарлы мағынаны өз ойымен бағдарлап, өзінше аңғарып, ұғып-түсінуге мәжбүр болады. Бұл одан тапқырлықты, сөздің астарына үңіле білуді, айтылып отырған нәрсені де, ишарат етіп, тұспалмен аңғартылған нәрсені де айқын елестете білуге қабілеттілікті талап етеді, ойына түрткі болып, сезіміне әсер береді. Сонымен қатар мысал өлеңде сан-алуан жан-жануар, аң-құстарды, жәндіктерді іс-әрекет үстінде бейнелеу, тілдестіру, айтылған жайдан ғибратты түйін түю және осы орайдажасанды, жаттанды ақылгөйлікке әуестенбей, терең мағыналы қоғамдық ой қорыту үлкен ақындық шеберлікті, талғампаздықты танытады.

Абайдың мысал өлендерінен осындай қасиеттерді, әсіресе ақынның әзілдеуге, мысқыддап келемеждеуге, сықақ етуге шеберлігін айқын байқаймыз. Кейде мысалға тілге тиек болатын шынында да әлдеқандай бір ғажайып жай да кездеседі. «Жарлы бай» атты өлеңдегі түбінен қанша алсаң да ділдә бірінен кейін бірі шыға беретін дорбаның кедейдің қолына келіп түсуі – бұл, әрине, арғы түбі ескі ертек, аңыздармен жалғасатын сюжет. Ал кейде мысал өлеңдегі оқиғаның езі мейлінше қарапайым, күнделікті өмірде кездесетін жай боп шығады. Айталық, «Қазаға ұрынған кара шекпен» дейтін өлеңдегі қораға ұры түскенін айту ешкім таң қалатындай нәрсе емес. Өлеңнің түйіні басқада, барынан бір сәтте айрылып жұрдай болып қалған адамға ағайындары келіп әр түрлі ақыл-кеңес беріп, желдей есіп «бишара», «байғұс» деп жарылқаған болады.

«Бақа мен егіз» атты мысалда егіздей бола аламын деп ісініп, кебініп, іші жарылған бақаның ессіз мақтаншақтықтың құрбаны болғаны баяндалады. Мүндай шартты түрде әдейі әсірелеп айтушылық мысал жанрында жиі кездесетін үйреншікті жай, сондықтан оны табиғи құбылыс деп санап, осы оқиғаға қандай мағына беріліп айтылғанына көбірек көңіл қою орынды секілді. Крылов осы мысалдың сюжетінен әр түрлі қоғамдық топтардың екілдері бірдей бола алмайды деген нақтылы тұжырым жасап, қатардағы жай адам (мещанин, мелкая сошка) атақты адамдай, ақсүйектей (дворяниндей) бола алмайды деген түйін жасаған. Ал Абай жалпы моральдық тұрғыдан келіп, іштарлықты, басқа біреуді көре алмай, күндеуді, қалай да соған жетем дейтін мінезді сынауды жөн көрген. Осыған орай ол мысалды:

 

«Таласпа, жаным-ай,

Қолыңнан келмеске,

Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске», —

 

деген ғибрат сөзбен аяқтайды.

Және мысалды Крыловша бірден оқиғаны баяндаудан бастамай, кіріспе ретінде жанынан сөз қосарлап, былай дейді:

«Қарасаң, дым-ақ көп

Кере алмас іші тар.

Несі артық бізден деп,

Салыспақ жұртта бар…»

 

         «Есек пен бұлбұл» атты мысал өлеңін Абай есекті сипаттаудан бастаған:

«Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы,

Каңғырып өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы…»

 

Орысша тексте мұндай кіріспе жоқ, есек бұлбұлды кездестірді делінеді де, бірден оған айтқан есектің сөзі келтіріледі. Абайдың өлеңді бастауынан есектің қарны тойып, көңілденіп, ерігіп келе жатқандықтан тоғайдағы бұлбұлды көріп, соған ән салғызып, өзінше сынап көрмекші болғанын аңғарамыз. Есектің бұлбұлмен ұшырасуы кездейсоқ болса да, оған тіл қатып, бір ән салып жіберші деп тілек айтуы көңіл-күйіне үйлес сезіледі. Ал есектің сыншыл болып шыға келуі, бұлбұлға (Абай «ақын бүұлбұл» дейді) сын айтуы – әбден қисынды. Бұл топас, ақымақ, өнерден махрұм адамның басқаны сынағыш болатынын аңғарту жағынан ұтымды. Ал бұлбұлдың аңыратып, шырқап ән салғанын суреттеген тұста Абай Крыловтан айтарлықтай алшақтамайды. Есектің бұлбүл әнін тыңдап алып, «сен біраз әтеш әнін үйрен!» деп өзінше білгішсіп ақыл бергенсігендей болғаны орысша текстегідей мейлінше әсерлі, тартымды көрсетілген. Өлеңнің аяғын Крылов:

«Избави, бог, и нас от этаких судей», —

 

деп қысқа қайырса, Абай осы тұжырымды тірек ете отырып, істің мәнісін түсінбейтін, шынайы өнерді бағалай алмайтын топас сыншысымақты келемеждеп:

«Демеймін мені мақтасын,

Я жақсын, я жақпасын,

 

Сүйтсе де мұндай сыншыдан

Кұдайым бізді сақтасын», —

 

деп, ойын нақыл сөз үлгісінде өрбітіп, мысалды бір шумақ өлеңмен қортындылай түйіндейді. «Емен мен шілік» атты өлеңдегі еменнің шілікке айтқан:

«Құдай басқа салмасын сен секілді

Желмен жерге жығылып, жар сүзбекті,

Обалың бір құдайға, байғұс, сенің,

Қақтырып қойған мұнша бос селтекті.

 

Қарашы маған, сендей сорлы емеспін,

Тау, жартасқа ұзатып бой теңестім.

Сенің қорыққан дауылың – маған әлкек,

Маңыма сәуле еткізбей күнге егестім…» —

 

деген сөздерін, немесе:

 

«Есіркегіш екенсің, — деді шілік, —

Онша сорлы емеспін, тартпа күйік!

Сынбаймын майыссам да, солқылдаймын,

Желден маған келмейді еш кемшілік…» —

 

Деген сөздер емен меншіліктің бойына лайық деуге болатын сипаттамалар десек те, оларға тіл бітіп, сөйлеуі шартты түрде алынғанын былай қойғанда, жаңағы сөздер өр кеуде, менменсіген адам мен дене бітімі нәзік, жұқа да болса жаны берік, қиындыққа төзімді адамды меңзеп, тұспалдап айтылғаны айқын байқалады. Бір жағынан емен мен шілікті сол көрсетілген нақтылы сипаттары арқылы айқын көзге елестетсек, сонымен қатар екі түрлі адам бейнесін, мінезін танығандай боламыз. Ал одан ары айтылатын:

 

«Бүгінгі аман бола ма үнемі аман?

Кердендікпен деп тұрсың не бар маған.

Шалқақтық иілмейтін кімге жақкан,

Екпінге ерегіссең, қатар саған», —

 

деген сөздерді алсақ, мұны түгелдей тек есті адамның, алды-артын ойлайтын кісінің көкірегін керіп, даңдайсыған біреуге айтқаны деп қарауға әбден саяды.

Абай мысалдары оның ақындық шеберлігін танып-білу жағынан бағалы екенін атап айтуымыз керек. Көп ретте ақынның шеберлігін, өнерпаздық өнегесін сөз еткенде аударма деп саналған өлеңдер есепке алынбайды, оларға пәлендей мән берілмейді. Ал шынына келгенде ақынның енер жарысына түсетін, сыналатын бір тұсы – осы басқа ақындардың шығармасына үңіліп, соны өзінше қалай айтып жеткізетіні десек, артық емес. Дәл аударма болсын, тек жалпы сарынын сақтай отырып еркін тәржімеленген шығарма болсын, түпнұсқасымен салыстыра тексерілсе, ақынның көркемдік талғамы, тақырып таңдауы, өзінше айта білетін тапқырлығы, шеберлігі жайында нақтылы ой-түйіндер жасауға мүмкіндік береді.

Түгелдей алғанда, Абай аудармалары қазақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табыс болды. Олардың өткен ғасырда қазақ сөз өнеріне мол жаңалық әкелген тарихи мәнін былай қойғанда, қайталанбас көркемдік сипаты да ешқашан кемімейтін айрықша құндылығын таныта алады.

Орыс әдебиетінің жетістіктерін еркін игеріп, таңдаулы үлгілерін кеңінен насихаттаған Абай дәстүрлерін Шәкерім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сүлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев секілді көрнекті ақын-жазушылар жалғастырып, ерістетіп, жан-жақты дамытты.

 

 

III. Ойтолғаныс сатысы

                                     Орыс әдебиеті. Аудармалары

 

Сабактын кезендері мен бағыты Орындалатын тапсырмалар
І кезең:- Аударма жанры туралы өзіндік   ізденістері   арқылы окушылар хабарлама жасайды. -Аударма жанры, онын өдебиеттегі, маңызы мен мәні   туралы токталу. (Әдебиеттану термині негізінде тұсінік беру)
ІІ кезең:- Оқушыларды 3 зертханаға бөліп, алдына ала әр турлі салыстыру тапсырмалары беріледі: Үш ақыннын аудару шеберлігі, соның ішінде мысал жанрына келу себебіне іздену, зерттеу, салыстыру тапсырмалары негізінде өзіндік өнім жасайды, пікір жинақтайды.
Крылов — Ыбырай, Крылов — Абай, Крылов — Ахмет зертханалары мақсат, міндеттерімен таныстырады Мұғалім: Ғалымдар пікірі негізінде әр топтыц білімдерін жинақтап, толықтырып, ортақ ойларын ортаға салады.
I зертхана:

— Крылов және Ыбырай

Төмендегі кесте бойынша Крылов — Ыбырай, Крылов — Абай, Крылов — Ахмет аудармаларын салыстырады,   жауап іздейді, дәлелдейді, болжам жасайды. Крылов нұсқасы Ыбырай, Абай, Ахмет

Аударма сапасы

Өз пікірім

Аударманың Ы.Алтынсариннің жазушылық шеберлігіне әсері, аудармаға бару себебі, еркін аударманын маңызы мен мәні.

II зертхана:

Крылов және Абай

 

Төмендегі кесте бойынша Крылов — Ыбырай, Крылов — Абай,

Крылов — Ахмет аудармаларын салыстырады, жауап іздейді, дәлелдейді, болжам жасайды.

III зертхана:

Крылов және Ахмет

 

Крылов нұсқасы: Ыбырай, Абай, Ахмет

Аударма сапасы

Өз пікірім

Аударманың Ы.Алтынсариннің жазушылық шеберлігіне әсері,

аудармаға бару себебі, еркін аударманың маңызы мен мәні.

 

III кезең:

Проблемалық. сұрақтар негізінде пікірлесу, қорытындылау, миға шабуыл жасау, ой салу.

 

Сұрақтар: Ал, енді.ойланайық.

1. Қалай ойлайсындар, қазақтың көрнекті ақындарының барлығы неге Крыловқа жүгінген ? Не мақсатпен?

2. Крыловты ең шебер аударушы деп кімді айтар едің? (Пікіріңді қорға)

3. Егер     ақын болсаң, Крыловты аударар ма едің?

4.   Крыловтың мысалдарында сыналған кемшіліктер казіргі қоғамда бар ма ?

 

ІV кезең:-

Оқушыларды спикерлер бағалайды.

 

Бағалау парағы бойынша бағалайды.

 

V кезең: Үйге тапсырма: — Зерттеулерін толықтырады, өз пікірлерін идеялар банкісіне салып жинастырады. -Еркін, дәлме-дәл, тура аударма туралы өздері ереже құрастырып келеді.

 

 

Сабақты қорыту.

 

Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

———————-                                     (Аздырар адам баласын)

 

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

————————————-                 (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

 

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

———————                                       (Екі жаққа үңілдім)

 

Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

——————————-                           (Шәкіртсіз ғалым — тұл)

 

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

——————————————-         (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

 

Досы жоқпен сырлас

—————————                               (Досы көппен сыйлас)

 

Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

—————————————             (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)

 

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

(Ынталы жүрек сезген сөз————————     Бір тамырды қуалар)

 

 

Үй тапсырмасы: Абай аудармаларын жаттау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *